2016 жылдың 17 сәуір күні сағат 15.00 –де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Ақтөбе қаласындағы сал азаматтарды қорғау»орталығына барып «Заң білмеген зардап шегеді» атты құқықтық сағат өткізді.
Мақсаты: Елімізде тұрып жатқан әрбір азаматтың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, тәрбиелеу. Ертеңгі өмірге сеніммен қарауға үйрету, азаматтарға құқықтық білімдерін тереңдету мақсатында жазылған әдебиеттерді насихаттау.
Шараға Ақтөбе облысы Әділет Департаментінің интеллектуалдық меншік құқықтары бөлімінің бастығы - Үбішев Тимур; Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау орталығының директоры - Сражова Гүлмирам Аманжолқызы қатысты.
Әрбір адам өзінің құқығын неге білуі керек, ол қандай мүмкіндік береді осы жөнінде Ақтөбе облысы Әділет Департаментінің интеллектуалдық меншік құқықтары бөлімінің бастығы Үбішев Тимур шара барысында түсіндіріп берді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың зияндылығын айта келе қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
«Құқықтық сауаттылық - заман талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Ғ.А.Жайпиннің «Азаматтық құқық», Ястребов А. «Алкоголь и правонарушения», Ибраева А. «Правовая культура: проблемы теории и практики», «Трудные судьбы подростков. Кто виноват?»кітаптары қойылды.
Шара барысында Бердешова Айгүл, Оразов Азамат, Жәнібекова сынды сал орталығының мүшелері өздерінің шығарған өлеңдерін оқыды.
Әрбір жалпы қолжетімді кітапхана мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және жасы келген адамдарға өзінің кітап қорын еркін пайдалануға кепілдік беруі тиіс. Осыны ескере отырып С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Ақтөбе қаласындағы сал азаматтарды қорғау» орталығына «Оқы және өзгеге ұсын» кітап марафоны аясында 100 кітап сыйға тартты. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, «Адам құқығы», «Ата заңымыздың құрылымымен тарихы» атты деректі фильм көрсетілді. «Жалғасын тап», «Қағидалар ойыны» тақырыбымен викториналық сұрақтар қойылды. Шара барысында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Алма Адаханова әсем әндерімен тамаша көңіл күй сыйлады.

