Қайырымдылық шаралары

09.06.2016 00:00 Администратор
Печать

Қаламызда жасалған террористік актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтардың қаза болуына байланыстыҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 маусымды ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Осыған орай барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік ту төмен түсірілді. Кітапхана қызметкерлері таңертеңгілік жұмысты бір минут үнсіздікпен бейбіт күнде қаза тапқан құрбандарды еске алды.

 

Ақтөбе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен өтіп жатырған «Донор болда, өмір сүруге үміт сыйла!» акциясына С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы қолдау көрсетіп, 9 маусым күні сағат 10.00 де кітапхана қызметкерлері Құдасова Үржан, Бөлтекова Ләззат, Есимбаева Айжан, Елеуова Айман, Қайнақаева Азатгүл және тағыда басқалары, оқиғаға байланысты зардап шеккендерге қайрымдылық   көмек көрсету мақсатында   Ақтөбе облыстық қан орталығына барып қан тапсырды.

Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері Ақтөбе облысының укіметтік емес ұйымдар қауымдастығымен бірлесе бейбіт күнде қаза тапқан лаңкестік құрбандарын аза тұту ретінде ҚР ұлттық ұлан 6655 бөлімінің алдына барып гүл шоқтарын қойды.

 

Обновлено 10.06.2016 06:03