«Ел бақытын тербеткен тәуелсіздік» кітап көрмесі

Администратор
Печать

2016 жылдың 6 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  кітапханада «Ел бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Мақсаты: Жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Елінің байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру.

Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы. Тәуелсіздік қасиетті ұғым. Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн-біздің Отанмызыдың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.Ғасырлар тоғысында Елбасының арқасында мың құбылған, сан алуан толқындардың жетегіне ілеспей, ерекше дараланып алға оза шыққан қазақ елі өзіндік қалыптасқан сара жолы бар іргелі мемлекеттердің біріне айналды.

Ұйымдастырылған көрмеге Б.Аяғанның«Қазақстанның жаңа тарихы», Н.Назарбаев «Қазақстан Жолы», Н.Назарбаев «Стратегия Независимости»,«Менің отаным тәуелсіз Қазақстан»т.б кітаптармен газет-журналдарәдістемелік құралдар қойылды. Кітапханашы Кенжебаева Арайлым оқырмандарға еліміздің егемендігіне қалай қол жеткізгенін айта келіп, кітап көрмесімен таныстырып шолу жасады. «Тербейін тәуелсіздік тал бесігін» атты зиялы қауым өкілдерінің ой-пікірлерінен көрме жасақталды. Кітапхана қызметкерлері Хамидуллина Бақтыгүл, Құрымбаева Лариса А.Исаділдің «Қазақстаным», Қ.Сариннің «Еркіндігім.Қасиеттім. Қастерлім» атты өлеңдерін оқыды. Оқырмандарға «Тәуелсіздік қиялымның қанаты» атты слайд көрсетілді. Бүгінгі шара Қазақстан Республикасының әнұранымен аяқталды.Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.