«Жас ұрпақтың ұлттық рухын, патриоттық сезімін кітап оқу арқылы қалыптастыру» облыстық семинар

14.12.2015 06:05 Администратор
Печать

2015 жылдың 10 желтоқсан күні Сағи  Жиенбаев  атындағы облыстық  жасөспірімдер кітапханасында «Жас ұрпақтың ұлттық рухын, патриоттық сезімін кітап оқу арқылы қалыптастыру» атты  облыстық  семинар  өткізілді. Аталмыш семинар Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдықтары аясында өткізілді.

Облыстық  семинарға қатысқандар:Ақтөбе облыстық  мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім бастығы Л.Е.Омарова;Облыстық, қалалық, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің директорлары,бөлім  меңгерушілері, кітапхана жүйелерінің жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімдерінің  кітапханашылары; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры М.Төлебай және кітапхана ұжымы.

Семинардың мақсаты: Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру, насихаттау. Кітапханалар  арасында  байланыс  орнату,  жинақталған  тәжірибелермен  алмасу, кітапханашылардың кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілетін арттыруға қолдау көрсету.

Кітапхана директоры Марат Төлебай семинарға қатысушыларды кітапхана қызметімен, бөлімдерімен таныстырып экскурсия жүргізді.

Облыстық семинарды Ақтөбе облыстық  мәдениет, мұрағаттар және құжаттама  басқармасының бөлім бастығы Л.Е.Омарова ашып сөз сөйлеп, Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттап түсіндіріп өтті.

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапхана директорының орынбасарыКудасова Үржан Құрманқызы «Жас ұрпақтың патриоттық рухын кітап оқу арқылы қалыптастыру» тақырыбында  өз ойын ортаға салып, «Патриоттық тәрбие –тәрбиенің бастауы" атты слайдын көрсету арқылы мазмұнды баяндама оқыды. Кітапхананың тарихынада тоқталып өтті. С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың кітапханашысы Бейісова Гүлзада «Әдебиеттердегі патриоттық тәрбие мәселесі» тақырыбында өз баяндамасын оқып берді. Өз кезегінде сөз алған Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі Гаращенко Ольга «Кітапханадағы патриоттық тәрбиенің әдіс тәсілдері» тақырыбына сай слайд көрсету арқылы кітапханада өткізілген шаралардың әдіс тәсілдерін айтып, іс-тәжірибесімен бөлісіп өтті. Ашық әңгіме барысында Шалқар, Қандыағаш қалалық жасөспірімдер кітапханасының меңгерушілері «Жасөспірімдердің бойындағы патриоттық  сезімді дамыту-кітапханалар тәжірибесінде» тақырыбында іс-тәжірибе алмасты.

Кітапхана директорлары мен кітапханашылар жиналған бас  қосуда сонымен қатар, жастарды кітап оқуға тарту, патриоттық, тәрбиелік  бағыттағы  кітаптарды  насихаттаудың  әдіс-тәсілдері,жастардың  көркем  әдебиет, мерзімді  басылымдарды  оқуға  деген  қызығушылығының  азайып  бара  жатқандығы, оларды кітапханаға тартудың жолдары бойынша  маңызды  сұрақтар талқыланып, пікір -талас болды. «Кітап –ұлттық рухани қазына», «Келешекті болжаған кемел Жолдау» тақырыбында кітап көрмелері ұйымдастырылды

Шара соңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ерліктің мәңгілік алауы» атты облыстық шығармалар байқауының қорытындысы жарияланды. Байқауға барлығы-17 үміткерлердің еңбегі қабылданды. Соның  ішінде Ақтөбе қаласының, Қобда, Темір Ырғыз аудандарының  жастары  белсенділік  танытты. Келіп  түскен  жұмыстарды  әділқазы  мүшелері  тиянақты  қарап, талдап, сараптай келе7 өлеңді анықтады.

НәтижесіндеАқтөбе қаласының тұрғыны  Шайдуллина  Айжан   «Жеңіс деген  жақсылықтың сыңары» атты шығармасымен I орынды иеленді. IIорынға Ырғыз ауданы, Қалыбай ауылының тұрғыны Бекжанов  Айбаттың «Бабаларға мың алғыс» атты өлеңіне, ал  III орын Қобда ауданы, Сарбұлақ ауылының 11 класс оқушысы Мұхитова Арайлымның «Жеңіс туралы толғау» атты шығармасы лайық деп танылды. Сонымен қатар, ынталандыру  сыйлығына  ие болған  қатысушылар да бар. Олар:

Смағұл Еламан –Қобда ауданы, Жиренқопа аудандық мектептің оқытушысы. «Туады ерлер ер үшін» атты шығармасы.

Қадыржан Гүлнұр – Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті №1мектептің 9 сынып оқушысы. «Отан үшін от кешкендер» атты шығармасы.

Бауыржанұлы Нұршат- Ырғыз ауданы, Жайсаңбай ауылдық мектептің оқушысы. «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты шығармасы.

Жауынбаев Нұрбол – М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 9 класс оқушысы. «Тыл майдангерлеріне» атты шығармасы.

Байқау жеңімпаздарын кітапхана директоры Марат Төлебай дипломдар мен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттап,  құттықтады.