
2014 жылы 9 желтоқсан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері №39 орта мектептің жоғары класс оқушылары арасында «Тылсым сырлы табиғат» атты поэзия сағатын өткізді.
Шараның мақсаты: туған өлкеміздің табиғатымен таныстыру, жастардың қоршаған ортаны қорғауға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады сонымен қатар поэзияға деген ынталарын ояту.
Қазақ ақындарының қаламынан туындаған табиғат туралы лирикалық өлеңдері жастардың өз еліне деген құрметін арттыра түсері анық.
Шара барысында оқушылармен «Аққауырсын» клубының мүшелері жергілікті ақындар С.Жиенбаевтың, К.Айнабековтың, Қ.Шаңғытбаевтың, Е.Дүйсебайұлының Е.Ашықбаевтың, Б.Бабажанұлының, М.Ақдәулетұлының тағыда басқа ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Кітапханашы Бектемирова Ұлжан туған өлкеміздің табиғаты туралы әңгімелеп, Қазақ елінің көрікті жерлері туралы «Табиғатты қорғайық» атты слайдты ұсынды. ТөлеуқазыА., Шамшиденова М., Шымболатов Г. тағыда басқа оқушыларжұмбақтар мен сөзжұмбақтар шешіп шараға белсене араласып отырды.
Оқушылар назарына арнайы әзірленген тақырыпқа сай кітап көрмесі ұсынылып, таныстырылды. Кітапханада өміріне араласып, өткізілетін әрбір шараларға оқушыларды қатыстырып, дайындап бүгінгі шараға да атсалысқаны үшін №39 мекетептің кітапханашыларына, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының атынан алғыс хат табысталды. Шара қызықты әрі маңызды өтті.

