2014 жылдың 5 мамыр күні сағат 15.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай «Отаным - мәңгі қорғаным» атты танымдық – патриоттық сабақ өткізді.
Шараның мақсаты:Отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу. Елін, жерін қорғау бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы екенін жастарға түсіндіру.
Отан қорғаушы күні - Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке. 1992 жылғы 7 мамырда елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Дәл осы күні республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді.
Танымдық–патриоттық сабақ барысында кітапханашы Келмағамбетова Айнұр болашақ Отан қорғаушыларға мейрамның тарихымен, Қазақстан армиясы, Әскери қызмет туралы әңгімеледі. Жастар қазақстан тарихынан, қазақ батырларының даңқтары мен ерліктері туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. «Ел үмітін ер ақтар» тақырыбындакең көлемдекітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Бопилова Гүлшарат библиографиялық шолу жасады. Көрмеге «Қазақстанның әскери тарихы», «Орлята президента», «Айбын», «Менің Отаным Қазақстан», тағыда басқа кітаптар қойылды. Шара соңында тақырыпқа сай слайд көрсетілді.
Шараға қаламыздағы № 36 қазақ орта мектебінің оқушылары қатысты.

