«Экология және біз» атты танымдық сағаты

10.06.2021 00:00 Администратор
Печать

   2021 жылдың 10 маусымы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №39 орта мектебінде 2021 жыл – балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай «Экология және біз» атты танымдық сағат өткізіп және кітап көрмесін ұйымдастырды.
  Мақсаты: Жасөспірімдерді табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға үйрету.

    Шара барысында кітапханашы Жанат Нұрымқызы оқушыларға табиғатты қорғау, ластандырудан сақтау жолдары, экологиясы бұзылған жерлердің зияндары туралы ақпарат беріп, Қазақстанның қорықтары, Қызыл кітап туралы, қоршаған ортаның жай-күйі жөнінде айтып берді. Балалар табиғат туралы өлеңдер оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар тақырыпқа сай слайд пен бейнеролик тамашалап, өз ойларымен бөлісті.
   «Экология және біз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Қайнақаева Азатгүл библиографиялық шолу жасады.