2021 жылдың 4 маусымы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасымен бірлесе ZOOM платформасында 4 маусым – ҚР Рәміздер күніне орай «Рәміздер – ел тарихы» атты танымдық сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқырмандарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Кітапхана қызметкері Азатгүл Қайнақаева Мемлекеттік рәміздер қалай құрылғаны, рәміздер қабылданарда қанша үлгі ұсынылғаны және неше рет өзгеріске ұшырағаны туралы мәлімет беріп, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасап, слайд көрсетті. Сондай-ақ кітапханамызда тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері», Б.Жақып «Желбіреп тұрған көк туым – биік тұғырым», Е.Шаймерденовтың «Елтаным», балаларға арналған энциклопедия «Менің елім Қазақстан» т.б. мемлекеттік рәміздердің саяси мәртебесі туралы, Қазақстанның мемлекеттік туы, елтаңбасы, әнұраны жайлы және ҚР Конституциясы туралы толық мәлімет беретін әдебиеттер қойылып, библиографиялық шолу жасалды.