«Алаштың ардақтысы – Әлихан Бөкейхан» атты онлайн конференция

17.03.2021 00:00 Администратор
Печать

     2021 жылдың 17 наурыз күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы көрнекті қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай «Алаштың ардақтысы – Әлихан Бөкейхан» атты онлайн конференцияны ZOOM платформасында өткізді.
    Мақсаты: Алаш ардақтысының мол рухани мұрасының, өшпес идеяларының қазақ қоғамы үшін құндылығын жоймайтындығын дәріптеу, сол арқылы тарихи тұлғаның көп қырлы тұстарын ашу.

    Кешке қатысқандар: Семей тарихи-өлкетану музейінің жоғары дәрежелі маманы - Құсайынов Мирас Самалбекұлы; Ақтөбе облысының тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі – Алмагүл Сарыбай; Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағатының құжаттарды пайдалану және жариялау тобының меңгерушісі - Ешмұратова Бақытгүл Жақсымұратқызы; Аудандық кітапхананың кітапханашылары;
   Онлайн конференцияда Семей тарихи-өлкетану музейінің жоғары дәрежелі маманы Құсайынов Мирас Самалбекұлы «Әлихан Бөкейхан және Семей» тақырыбында баяндама жасады. Конференцияда Әлихан Бөкейханның жеке өмірі, ағартушылық қызметі мен ғылыми еңбектері, сондай-ақ жарияланған мақалаларының ғылыми, қоғамдық құндылықтарын ашатын баяндамалар оқылып, қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбектері жайында талқыланды. Сонымен қатар Әлихан Бөкейханның өз заманындағы баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары туралы ой білдірді. Шара барысында Әлихан Бөкейхан туралы деректі фильмі көрсетіліп, кітапханамыздың оқырмандары өлеңдер оқыды.
   Іс-шарада «Алаш арысы – Әлихан Бөкейханов» атты кітап көрмесі Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси, мемлекеттік, ғылыми, публицистикалық және журналистік қызметі және оның бай мұрасына арналып ұйымдастырылды. Көрмеде автордың кітаптары, жинақтары, сондай-ақ мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары ұсынылды. Көрмеге Азатгүл Қайнақаева библиографиялық шолу жасалды.