2021 жылдың 5 наурызы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмірдің шырағы» атты аналармен кездесу кешін өткізеді.
Кеш қонақтары: Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы – Сүлейменов Алмас Бақытқалиұлы; Ақтөбе қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы - Кулмагамбетова Айгүл Жакситаевна; Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ инженері, азаматтық қорғау майоры – Күндолова Анар Бекқалиқызы; Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» арнайы жұмыстар тобының азаматтық қорғау подполковнигі - Бисенгалиева Жанар Мажитовна; ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің сарбаздары.
Мақсаты: Жасөспірімдерді ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аналарымызға, қыздарымызға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Шараны Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Сүлейменов Алмас Бақытқалиұлы ашып, барлық әйелдер қауымын көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мерекесімен құттықтады. Кешті жүргізуші Гүлнара Мәлік неге дәл осы күн әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгілендігі жөнінде мәлімет беріп өтті. Сонымен қатар бүгінде әйелдер саясатта болсын, бизнесте болсын және қай салада болмасын ер-азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, өздерінің біліктілігін, қабілет-дарынын, іскерліктерін айқын көрсетіп келеді. Солардың бірі Кулмагамбетова Айгүл Жакситаевна мен Бисенгалиева Жанар Мажитовна, Анар Бекқалиқызы жастармен, оқырмандармен кездесу барысында өздерінің отбасы, жұмыстарының қиындығы мен ықзығы туралы ой бөлісті. Кеш қонақтарымен қызықты ойын ойналды. Оларға арналған арнайы слайд көрсетілді. Облыстық Халық шығармашылығы үйінің әншісі Қуанышкүл Серікбаева, ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің сарбазы Шахизада Эльдар, кітапхана қызметкері Гүлнұр Ихсангалиева барлық аналарға арнап ән шырқады. «Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.