«Өнерін өлтірмейміз бабалардың» атты кездесу кеші

04.02.2021 00:00 Администратор
Печать

    2021 жылдың 4 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өнерін өлтірмейміз бабалардың» атты қолөнер, зергер шеберлерімен кездесу кешін өткізді.

    Кеш қонақтары: Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы – Сүлейменов Алмас Бақытқалиұлы; Ұлттық қолөнер шеберлері, жеке кәсіп иелері - Қалиев Өміржан Досмұқанбетұлы мен Сұлтангереева Алтынгүл Рымбайқызы; Ұста, мүсінші - Таханов Қайырбек Амантайұлы; суретші, зергер - Олжаев Нұржігіт;
Мақсаты: Қазақ халқының қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, қолөнершілер мен зергерлердің өнерін таныстыру. Заман ағымымен ұмыт қалып бара жатқан бабалар өнерін насихаттау.
   Кешті жүргізген Жанат Нұрымқызы қазақ халқының қолөнері, зергерлік өнері жөнінде мағұлмат берді. Шараны Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Сүлейменов Алмас Бақытқалиұлы ашып, халқымыздың қасиетімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы қолөнер туралы айтты. Ұлттық қолөнерді бүгінгі күнде заманауи үлгіде жалғастырып жүрген өңірлік танымал шеберлер Қалиев Өміржан Досмұқанбетұлы мен Сұлтангереева Алтынгүл Рымбайқызы, Таханов Қайырбек Амантайұлы, Олжаев Нұржігіт өз өнімдерін ұсынып, өз кезегінде көрермендерге қазақтың ұлттық нақыштарын дәріптейтін түрлі бұйымдарға шеберлік сағатын өткізіп, жастарға өз өнерлерін үйретуден жалықпайтынын жеткізді. Сонымен қатар шара барысында оқырмандар қолөнер шеберлеріне бірнеше сауал қойды.
   Іс-шарада «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Азатгүл Қайнақаева библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, бейнебаян тамашалады.