«Жаңа әдебиеттер» атты жаңа кітаптарға шолу

27.01.2021 00:00 Администратор
Печать

    2021 жылдың 27 қаңтары күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы онлайн режимінде @biblioteka_zhienbaeva инстаграм парақшасында «Жаңа әдебиеттер» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
   Мақсаты: Кітапханамызға жаңадан келіп түскен кітаптарды оқырмандарға кеңінен насихаттау. Қала тұрғындарын, жасөспірімдерді кітап оқуға шақыру.

    Онлайн шара барысында кітапханашы Гүлнұр Ихсанғалиева кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттерге библиографиялық шолу жасап, оқырмандарды кітап көрмесіне қойылған жаңа басылымдармен таныстырды. Кітап көрмесіне әр сала бойынша түскен көркем әдебиеттер, оқулықтар психологиялық кітаптар қойылды. Ұсынылып отырған кітаптарды атап айтсақ, Л.Хейдің «Өмірің өз қолыңда», З.Хантөренің «Әлі де кеш емес», Н.Хиллдің «Думай и богатей», А.Елгезектің «Болмаған балалық шақ», А.С.Қыдыршаевтің «Шешен сөйлей білеміз бе?» Э.Сигалдың «История любви» кітаптары мен балалар әдебиетіне «Қытай халық ертегілері», «Әділ патша» ертегісі мен әр түрлі жанрдағы заманауи үлгіде жасалған көркемсуретті кітаптар ұсынылып, көптеген әдеби туындылар қойылды.