2021 жылдың 19 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы @biblioteka_zhienbaeva Instagram парақшасында тікелей эфирде қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ыбырай Алтынсариннің ғибратты әңгімелері» атты әдеби сағаты өткізді.
Мақсаты: Шығыс жұлдыздарының ішінде өзіндік орны ерекше Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру. Оның шығармаларынан ғибрат алу, жастарды еңбекке, иманжүзділікке тәрбиелеу.
Онлайн шара барысында кітапханашы Жанат Нұрымқызы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде ақпарат беріп, адамгершілік, мейірімділік жайлы, еңбек, тәрбие туралы жазылған «Бақша ағаштары» әңімесінен үзінді оқыды. Онлайн шараға қосылған оқушылар Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар», «Ананың сүюі» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар «Ұлы тұлға – Ыбырай Алтынсарин» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Лаура Ерікқызы библиографиялық шолу жасады. Ыбырай Алтынсарин туралы бейнебаян көрсетілді.