«Ел оқитын 30 кітап» атты танымдық сағат

18.01.2021 00:00 Администратор
Печать

     2021 жылдың 18 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Женбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы @biblioteka_zhienbaeva Instagram парақшасында тікелей эфирде биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында «Ел оқитын 30 кітап» атты танымдық сағатын өткізді.

    Мақсаты: халық әдебиетін оқу және насихаттау, тарихи, мәдени, рухани мұраны сақтау, сондай-ақ жастарды патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу.
    Танымдық сағат барысында акция аясында жалпыхалықтық оқуға таңдалып алынған 30 кітапқа кітапхана қызметкерлері Назерке Жолдиева, Лаура Ерікқызы мен Жанат Нұрымқызы поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті мен аударма жанрына бөлінген кітаптарға шолу жасап, оқырмандарға оқып шығуға кеңес берді. Сонымен қатар олар Тобық Жармағамбетовтің «Отамалы» шығармасының мазмұнына тоқталып, Мұқағали Мақатаевтің «Қазақ жері», «Үш бақытым» т.б. өледер оқылды.
Шарада «Ел оқитын 30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап көрмесіне Лаура Ерікқызы библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.