«Кітап – тарих, шежіре» атты мерейтойлық кітаптардың көрмесі

14.01.2021 00:00 Администратор
Печать

   2021 жылдың 14 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы @biblioteka_zhienbaeva инстаграм парақшасында тікелей эфирде «Кітап – тарих, шежіре» атты мерейтойлық кітаптардан кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: Мерейтойлық кітаптарды оқырмандарға насихаттау. Қала тұрғындарын, жастарды кітап оқуға шақыру.

     Кітап көрмеге С.Мұқановтың «Адасқандар» романы, В.Г.Распутиннің «Прощание с матерой» повесі, Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер» романы, А.Байтұрсыновтың «Маса», Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» және т.б. көптеген кітаптар қойылды. Кітап көрмесімен кітапхана қызметкерлері Шырайлым Құдасова мен Гүлнара Мәлік таныстырды. Сонымен қатар кітапхана туралы ақпарат беріп, оқырмандарға мерейтойлық кітаптарды үйге алып оқуға болатынын айтып, оқырмандарды кітапханаға келіп жаңа кітаптармен танысуға шақырды.