2021 жылдың 12 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы @biblioteka_zhienbaeva инстаграм парақшасында тікелей эфирде А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің студенттерімен «Жаһандану және ұлттық аспаптар» жобасы аясында әдеби-музыкалық сағатын өткізді.
Мақсаты: Халқымыздың ұлттық аспаптары жайлы түсінік беру. Ата-бабамыздан қалған асыл мұра домбыра өнерімізді насихаттау. Қазақ халқының бай мұраларын, соның ішінде ғажайып әндері мен күйлерін бүгінгі күнге жеткізген халық аспаптары туралы жастардың бойына сіңдіру.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Шырайлым Құдасова қазақтың әуендік аспаптары тарихына шолу жасап, қазақ халқының музыка мәдениетінің дамуы туралы ақпарат берді. Шара аясында Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледж студенттеріде белсенділік танытты. Береке Шынарбек домбыра, ұлттық аспаптар туралы аңыз әңгімелер айтса, Қанатов Мәди Қанатұлы домбыра құрылысы туралы оқырман қауымға кеңінен ақпарат берді. Колледж студенті Ақнұр Серікова «Шахристан» күйін тебірене орындап берді.
Шарада «Бабалар аманаты, ұлттық құндылығымыз атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Назерке Жолдиева библиографиялық шолу жасалды. «Аңыз әңгіме» бейнебаяны көрсетілді.