«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты ақпараттық сағаты

08.01.2021 00:00 Администратор
Печать

     2021 жылдың 8 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын халыққа жеткізу, түсіндіру, талқылау мақсатында кітапханашылар мен оқырмандарға ақпараттық сағат өткізді. Ақпараттық сағатқа кітапхана қызметкерлері, Үкіметтік емес ұйымдар Ассоциациясының қызметкерлері мен оқырмандар қатысты.

    Кітапхана қызметкері Лаура Ерікқызы Президенттің жариялаған мақаласы «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» атты төрт бөлімнен тұратынын айта өтті. Осы мақалада Мемлекет басшысы 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізді, бағындырған белестерімізді үш кезеңге бөліп, ашық талқылай отырып, күрмеуі қиын мәселелерді еңсеру жолдары туралы кемел ойларымен бөліскендігі жөнінде жазған. Кітапхана қызметкерлері және оқырмандар мақала туралы өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара барысында бейнебаян көрсетіліп, «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.