2020 жылдың 5 қазаны күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы өлкелік және Атырау, Орал, Түркістан қалаларының жас ақындарымен «Жыр - керуен» атты поэзия кешін өткізді.
Кешке ақын Нұрлыбек Қалауов, Есенбек Жұмағалиев, т.б өлкеміздің ақын-жазушылары мен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары Құдасова Үржан Құрманқызы қатысты.
Мақсаты: жас ақындардың өнерін өскелең ұрпаққа үлгі ету, ұғындыру және шығармаларын насихаттау; Поэзияға деген құштарлықтарын ояту. Жастар арасында белсенділікті арттыру болып табылады.
Шара барысында жас ақындар өз туындыларынан өлеңдер оқып, өлең жазуға қай жасынан бастап келгендіктері туралы да айта өтті. Поэзияға деген құштарлықтары өлең жазуға алып келген жас ақындардың өлеңдерін кешке келген көрермендер ұйып тыңдады. Шара соңында жас ақындарға «Ақ айдын» кітабын сыйға тартты. Сонымен қатар «Өлеңмен өрілген өмір» атты кітап көрмесі қойылды. Көрмеге кітапхана қызметкері Шынара Кошанова библиографиялық шолу жасады.