«Конституция-біздің асқақ абыройымыз»

28.08.2020 00:00 Администратор
Печать

 

   28 тамыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Конституцияның 25 жылдығына орай «Конституция-біздің асқақ абыройымыз» атты онлайн шара өткізді.
   Шара қонағы болып Ақтөбе облысы әділет департаментінің құқық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Жумин Жақсылық Жанатұлы қатысты. Халыққа қызмет көрсетудің бір үлгісінде өткен эфирде әлеуметтік желі қолданушылары өз сауалдарына арнайы маманнан жауап алды. Дәстүр бойынша тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, кітапханашы оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Шараға қатысқандар саны: 122.