«Мемлекеттік рәміздерді құрметте» атты танымдық сағаты

04.06.2020 00:00 Администратор
Печать

    2020 жылдың 4 маусымы күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ҚР Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздерді құрметте» атты танымдық сағаты өтті.
    Мақсаты: Жастарға мемлекеттік рәміздер тарихы туралы ақпараттар бере отырып жинақтаған білімдерін тиянақтау. Өз елі мен жерін сүюге, отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.

    Шара барысында кітапхана қызметкері Гүлнұр Бекенова еліміздің рәміздері, Ту, Елтаңба жайлы ақпарат беріп, бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілгенін және әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтып өтті. Балаларға сұрақтар қойылып, өз ойларымен бөлісті.
     Іс-шарада «Мемлекеттік рәміздер – биік мерейіміз» кітап көрмесі жасақталып, көрмеге билиографиялық шолу жасалды.