«Ғылым көгінің жарық жұлдызы» атты танымдық сағаты

07.11.2019 00:00 Администратор
Печать

       2019 жылдың 7 қарашасы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы профессор, түркітанушы Құдайберген Жұбановтың 120 жылдығына орай Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінде «Ғылым көгінің жарық жұлдызы» атты танымдық сағатын өткізді.

       Мақсаты: Қ.Жұбановтың өмірі мен қазақ филология саласына қосқан үлесі туралы мағұлмат беру. Ұлттық патриотизмге, рухани мәдениеттілікке тәрбиелеу.

       Шараны жүргізуші Нұрсұлтан Әбжан жстарға Құдайберген Жұбановтың қазақ мәдениетіне, тіліне қосқан еңбегін, оның бүгінгі заманға жеткен мұралары туралы ақпарат берді. Жастар сауалдар қойып, пікір алмасу болды. Сонымен қатар шара барысында «Құдайберген Жұбанов – қазақ тіл білімінің атасы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Шырайлым Құдасова библиографиялық шолу жасады. Қ.Жұбановқа арналған деректі фильмді тамашалады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.