«Әдебиет және қаламгер» атты дөңгелек үстел

24.10.2019 00:00 Администратор
Печать

     2019 жылдың 24 қазаны күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Коворкинг» орталығында Ақтөбелік ақын-жазушылардың қатысуымен «Әдебиет және қаламгер» атты дөңгелек үстел өткізді.

    Дөңгелек үстелге «Адырна» журналының редакторы, ақын Мейірхан Ақдәулетұлы, ақын, ақын Бауыржан Бабажанұлы, сатирик-жазушы Төрежан Мәндібай, ақын Нұрлыбек Қалауов, ақын Гүлімай Әбішқызы, ақын Талғат Тілеулес, «КЕРЕК.info» газетінің редакторы, ақын Индира Кереева бастаған қаламгерлер, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры, ақын Калдина Гүлжайнар Нәренқызы, т.б жергілікті ақын-жазушылар мен кітапханашылар, БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: ақын-жазушылардың алға қойған жоспарлары талқыланып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген әдеби шығармашылық жобалар жөнінде және «Әдебиет үйі» бағыты бойынша салынатын үй туралы ой бөлісу.
     Дөңгелек үстелді С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры, ақын Гүлжайнар Нәренқызы жүргізді. Облыс әкімінің қолдауымен «Ақтөбе кітапханасы» сериясымен 50 томдық Ақтөбе ақын-жазушыларының кітаптары жарық көрді. Дөңгелек үстелде ақын-жазушылар өздерінің жоспарлары мен жобалары жөнінде ой бөлісіп, жастардың шығармашылығы жайында әңгіме қозғады. Сондай-ақ «Ақтөбе кітапханасы» сериясымен жарыққа шыққан кітаптарды талқылап, әдебиетте айтылуы тиіс бола тұра, қозғалмай жат¬қан тақырыптар бар ма? Жаңа заманның ақын-жазушысы қан¬дай болуы тиіс? деген сияқты сауалдарға өз ой-пікірлерін білдірді. Шара барысында «Ақтөбе – қалам менің» кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.