«От чистого сердца простыми словами» атты поэзия кеші

08.10.2019 00:00 Администратор
Печать

   2019 жылдың 8 қазаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Жастар жылына» орай «Аққауырсын» клубы мен «Бүркіт» патриоттық кубының мүшелерімен бірге өлкеміздің жас ақындары арасында «От чистого сердца простыми словами» атты поэзия кешін өткізді.

    Кешке қатысатындар: жас ақындар Шарапова Людмила Васильевна, Шуаева Светлана Руслановна, Жеткірбай Ақниет, Маглелий Павел Константинович, Мұхтар Жангүл, Молдабеков Бахтияр Аскарович, және №16 орта мектебінің оқушылары, кітапханашылар.
Кештің мақсаты: Жастарға ақын-жазушыларымыздың шығармаларын насихаттау, кітап оқуға баулу. Ақын жырларынан үлгі алу. Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу.
     Шара барысында жүргізуші жастарды жас ақындармен және олардың туындыларымен таныстырды. Кітапханамыздың жас оқырмандары ақындық өнерді тану арқылы, қоршаған әлемнің байлығы туралы түсінігін молайтты. Шараға қатысушы ақындар туған жер, махаббат т.б. тақырыптарда өлеңдерін оқып, Маглели Павел Константинович гитарада романстар орындады.
    Шарада «Поэзия – музыка души» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.