Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру

Администратор
Печать

 

Құжаттарды  жинақтау, өңдеу  және  каталогтар  ұйымдастыру  бөлімінің  меңгерушісі

Тулекова Әлия Кенжеғазықызы

Байланыс тел: 8 (7132) 53-01-10

эл. почта: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 

 

Құжаттарды  жинақтау,  өңдеу  және  каталогтар  ұйымдастыру  бөлімінің ең басты  міндеті мен атқаратын қызметі түрлі білім салаларын тұтас қамтитын басылымдар түрін жинақтау, яғни кітапхананың кітап қорын толықтыру.

Бөлім оқырмандардың сұранысын негізге ала отырып әдебиеттерге тапсырыс береді. Кітапхананы әдебиеттермен толықтыру және өңдеу қазіргі заман талабына сай жан-жақты жүзеге асырылады. Жаңа түскен әдебиеттер  «РАБИС» бағдарламасы бойынша электрондық каталогқа енгізіледі. Сонымен қатар толықтыру және өндеу бөлімі алфавиттік, жүйелік, қызметтік каталогтар жүргізеді.

Негізгі кітап қорын толықтыру көздері кітап дүкендері, арнайы баспалар, мерзімді басылымға жазылу, арнайы орталықтар, жеке адамдардың, жергілікті  ақын–жазушылар  мен  зиялы  қауым  өкілдерінің сыйға тартқан кітаптары  есебінен жүргізіледі.

Кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен бірге, дәстүрлі емес ақпарат тасмалдаушы көздер компакт дискілер, видео-аудиокассета, электронды оқулықтармен толықтырылуда.