Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі
Хамидуллина Бақтыгүл Бақытжанқызы
Байланыс тел: 8 (7132) 53-01-10
эл. почта: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі
Бөлім кітапхана қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу, кітапхананың web-ресурстарын, электронды өнімдер каталогын, тақырыптық электронды базасын құру, толықтыру, қолданыстағы ақпараттық жүйені, бағдарламалық кешенді жаңарту, оны қолдау жұмысымен айналысады. Қазіргі заманғы программалар жасақтамаларын орнатады. Бұл бөлімде пайдаланушылар Интернеттің ең қызықты деген ресурстарымен тегін танысып, ақпараттар іздестіреді, интерактивті Интернет – қызметтерді, мерзімді басылымдар мен ақпараттық-құқықтық мәліметтер базасын, e-mail арқылы құжаттарды жеткізу және басқа да компьютерлік қызметтерді пайдаланады.
Бөлім қызметтері:
- Кітапхана пайдаланушыларына тасымалдайтын электронды басылымдар коллекциясын, тілдерді үйрететін компакт дискілерді, электронды оқулықтар мен анықтамаларды, каталогты ұсыну;
- Өз бетінше жұмыс жасау үшін компьютерлер ұсыну;
- Құжаттарды сандық форматқа енгізу;
- Мәтіндерді теру және басып шығару;
- www. aktobeoub.kz кітапхана сайтында, кітапхана блогында, әлеуметтік желілерде қызмет көрсету жұмыстарын жүргізеді.