Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімі

Администратор
Печать

     

Инновациялық  және  әдістемелік  жұмыстар  бөлімінің  меңгерушісі

 

Ермекбаева  Алтынгүл  Асқарқызы

Байланыс тел: 8 (7132) 50-44-48

эл.почта:  Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 

 

       Инновациялық  және  әдістемелік  жұмыс  бөлімі облыстағы  жасөспірімдерге  қызмет  көрсететін  кітапханалар  үшін  әдістемелік орталық болып саналады. Оқырмандар  сұранымын  кең  көлемде  қанағаттандыруға  мүмкіндік  беретін,  яғни  олардың  қажет ақпаратты, ұлттық  және  әлемдік  мәдени  байлықтарды  пайдалануында  жаңа  әдістер  қолдануды  игеруде  әдістемелік   және  тәжірибелік  көмек  көрсетеді.

      Бөлім қызметкерлері облыстағы кітапхана қызметкерлерінің ең озық тәжірибелерін анықтап, зерттейді. Кітапханашылардың біліктілігін арттыру бағытында, теориялық  және тәжірибелік түрлі семинарлар, аймақтық зерделі кеңестер, кәсіби – іскерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, байқаулар ұйымдастырады. Іс – сапарларда болып орталықтандырылған кітапханалар жүйелеріне әдістемелік көмек көрсетеді, баспа және талдау қызметтерімен айналысады. Көпшілік мәдени шараларға әдістеме – библиографиялық құралдар, сценарийлер, пресс-релиздер дайындайды. Жылына 1 рет «Жасөспірімдермен   жұмыс   жасайтын   кітапханалар   тәжірибесінен» атты ОКЖ  жылдық  есептерінен  жинақ  дайындайды.

     Инновациялық  және  әдістемелік  жұмыс  бөлімінің жұмысы кітапхана  қызметінде  жетекші роль атқарады, себебі бұл облыстағы жасөспірімдерге  қызмет  көрсететін кітапханаларға басшылық  жасайтын  әдістемелік орталық  болып саналады.