«Жеңіс. Ерлік. Өнеге» атты кеш

E-mail Печать PDF

        12 қыркүйек күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Ақтөбе қаласындағы сал азаматтарды қорғау»орталығымен бірлесе «Жеңіс» атты қайырымдылық жобасы аясында «Жеңіс.Ерлік. Өнеге» атты ҰОС және тыл ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

Шараның мақсаты: ардагерлердің ерлігін жастарға үлгі ету, кеңірекақпарат беру.

       Кешке қатысқандар: Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау орталығының директоры Г.А.Сражова; ҰОС ардагерлері А.Ф.Прихно, Р.И.Уразалина, Л.В.Винакуров Х.Г.Бекмухамет тағыда басқа тыл ардагерлерімен еріктілер тобы, сал орталығының мүмкіндіг шектеулі азаматтары, колледж студенттері қатысты.

   Шара барысында Сражова Гүлмирам «Жеңіс» атты қайырымдылық жобасы еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіліп жатқандығын, осы жоба арқылы ардагерлермен жақынырақ сөйлесіп, оларға қолдау көрсетуге, кқариялар естеліктерімен бөлісті. Соғыста көрген қиыншылықтарын, соғыстың адамзатқа әкелген зардаптарын айтып, бейбіт заманда өмір сүріп жатырған жастарды елжандылыққа шақырды. Соғыс кезінде айтылған «катюша», «Смуглянка», «Синий платок» әндерін ардагерлер жастармен бірге шырқап көңіл көтерді.

Кітапхана қызметкерлері тақырыпқа сай кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жасады. Жеңіс, тыл ардагерлері туралы жазылған қанатты сөздерден стенд жасақталды. Соғыс ардагерлері Александр Прихно, Хаким Бекмухамет кітапханаға естелікке өзінің жеке кітапханасынан кітаптарын сыйға тартты.