«Отбасым-бақыт мекенім» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

       7 қыркүйек күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Отбасым-бақыт мекенім» атты өнегелі отбасымен кездесу кеші өтті.

Мақсаты: жастарға отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу, отбасындағы қарым-қатынас, мәдениет туралы түсінік беру, студенттердің бақытты отбасына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.

   Қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні. Отбасы күнін мерекелеу адамгершілікті, біздің қоғамда ерлі-зайыптылықтың маңызды жауапкершілігін мойындауды нығайтуға көмектеседі. Отбасы қоғамдық құрылымның тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты.

     Шараға өңіріміздегі өмір мен өнер әлемінде қатар жүрген отбасылар шақырылды, солардың ішінде Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония әншісі -Бақытбек Зейнелов, қолөнер шебері -Әбдірахманова Самал және ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған байқаудың жеңімпазы, зергер -Болат Атыраубаев, «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі –Ахметов Көшкінбай Нұрмағамбетұлы отбасымен келіп, жастармен ой бөлісіп, өнегелі әңгімелер айтты. Кеш барысында Облыстық филармонияның әншісі Алма Адаханова көңілді әндер шырқады. «Берік отбасы - қоғамның тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд тамашаланды. Келген қонақтарға естелікке сыйлықтар табысталды.

Шараға Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.