«Конституция—өміріміздің заңы» атты ашық пікір-талас

E-mail Печать PDF

         2017 жылдың 29 тамызы күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Конституция күніне орай Ақтөбе қаласындағы Әскери-техникалық мектебінде «Конституция—өміріміздің заңы» атты ашық пікір-талас өткізді.

     Мақсаты: жастарға ҚР Конституциясы төңірегінде ақпарат беру, ой-пікірлерін білу, азаматтық, құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектесу, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

 

     Конституция күні- біздің мемлекетіміздің,  халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. Конституция талаптары бойынша мемлекеттің басты құндылығы – адам, адам өмірі және азаматтардың құқықтары мен бостандығы болып табылады. Сондай-ақ, елдегі қоғамдық-саяси жүйенің қауіпсіздігі, ішкі-сыртқы саясаттағы ел тынысы, атқарушы және өкілетті билік функциялары түбегейлі тұрғыдан Конституцияның басты баптарына енгізіліп, мемлекеттік тұтастықтың тұғырын биік етіп тұр. Сондықтан елімізде тұрып жатырған әрбір азамат Ата-Заңға құрметпен қарауға міндетті.

   Аталмыш шараға әскери-техникалық мектебінің оқушылары, полковник, әскери – патриоттық жұмысы бойынша орынбасары Сансызбаев Мейірбек Мұхтарұлы қатысты.

Жиналған жастар өздерінің ойларын ортаға салып, пікір-талас болды. «Конституция –мәңгілік елдің берік тұғыры» атты бейнебаян, «Менің Отаным –Қазақстан» атты слайд көрсетілді.

     Кітапхана директоры Қалдина Гүлжайнар келген қонақтарға алғысын айтып, алдағы уақыттада бірлесе жұмыстар атқарамыз деп ниет білдірді.

     Кітапханашы Қайнақаева Азатгүл кітаптармен газет-журналдардан ұйымдастырылған «Ата заң ел дамуының кепілі» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Шара соңында жиналған жастар флешмоб биледі.