2017 жылдың 20 шілдеcі күні сағат 11.00 –де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін сыбайлас жемқорлық туралы болғызбау және алдын –алу туралы насихаттау.
Қазіргі уақытта сыбайлас-жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да тамырын жайып отыр. Сыбайлас-жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму үрдісіне, рыноктық экономиканың құрылысына, инвестицияларды тартуға залалын келтіруде.
Шараға қонақтары: Сансызбаев Мейірбек Мұхтарұлы – Қарулы күштер қорғаныс Министірлігіне қарасты әскери техникалық мектебінің оқытушысы, полковник; Дюсенова Айгүл Егізбайқызы - Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті;Ахметов Көшкінбай Нұрмағанбетұлы – Парасат ғылым қоғамдық бірлестігі, «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі; Толыбаев Ербол Мұратұлы - Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы;Елеусіз Нұрғалиев Оңдабергенұлы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы;Үбішев Тимур Жұбанышұлы – Ақтөбе облысы Әділет Департаментінің интеллектуалдық меншік құқықтары бөлімінің бастығы;Каниев Дархан Сағидоллаұлы – «Халыққа көрсету орталығы» құжаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы;Шакирова Шарипа Химанқызы – Ақтөбе облыстық білім беру басқармасы қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы; Забих Лаура Жасұланқызы – «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің заңгері;
Калдина Гүлжайнар Нәренқызы – С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры.
Шара барысында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашаққа нық қадам» слайды көрсетілді. «Жастар сыбайлық жемқорлыққа қарсы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Жемқорлық ғасыр дерті» атты дәйекті сөздердің көрмесі және «Сыбайласып жем болғанша, бірігіп ел болайық» атты көрме қойылды. Әскери-техникалық мектебінің оқушылары, оқырмандар, кітапхана қызметкерлері қатысты.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем күресіп жатыр және оның алдын алу үшін әрбір адам өзінен бастауы керек. Сондықтан келген қонақтарға шара барысында қоғамға үлкен кедергі келтіріп отырған жемқорлықтың зияндылығы жөнінде әңгіме айтылды.
Кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы «Алтын балықтың арманы» атты әзіл өлеңін оқып, кітапхана қызметкерлері қожанасыр мен бай әңгімесінің желісінде жемқорлыққа байланысты көрініс қойды.