12 шілде күні сағат 15.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Бір ел, бір кітап» республикалық акция аясында ақын С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Алаш» деп ұран салған ардақты ақын» аттыәдеби сағатөткізілді.
Мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын насихаттау, жастарды, қоғамды кітап оқуға, кітапханаға шақыру.
«Бір ел, бір кітап» республикалық акцияға, жалпы халықтық оқуға қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл С.Торайғыровтың шығармалары таңдалды. Ол солтүстік Қазақстан облысының Қызылтау ауданында туған. Ақын шығармаларында ескіні сынау, қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күрес бой көтерді.
Бүгінгі шараға қонақ ретінде мәдениеттанушы С.Ерғалиев, «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Г.Назарбаева, «Рух» -ізгілік қоғамының төрағасы Ж.Қажығалиев, «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі К.Н.Ахметов қатысты.
Шара барысында оқырмандар С.Торайғыровтың шығармашылығы жөнінде айтып, «Оқу», «Шәкірт ойы», «Әйел» т.б өлеңдерін оқыды. Кітапхана қызметкерлері «Кім жазықты» шығармасынан көрініс қойды. «Алаш ұраны-С.Торайғыров» слайды көрсетілді.
«Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде қаламгердің шығармалары «Қамар сұлу», «Сарыарқаның жаңбыры», «Алаш ұраны» және ол туралы жазылған кітаптар, баспасөз мақалалары қойылды. Кітапхана қызметкері Бөлтекова Ләззат көрмеге шолу жасады.