2017 жылдың 4 шілдеcі күні сағат 16.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 6 шілде –Астана күніне орай «Өз қиялыма саяхат» аттыкітапхананың кішкентай оқырмандары асфальтқа сурет салды.
Мақсаты: Мемлекетіміздің жас қаласы Астананың тарихы мен құрылуы, әсем қаланың өсіп өркен жаюуы мен жеткен жетістіктерін таныстыру, балалар шығармашылығын шыңдау, қоршаған ортаны балаға таныту.
Тәуелсіз мемлекетіміздің астанасы Астана қаласына биыл 19 жыл толып отыр. Астана қаласының көктеп-көгеруі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Өйткені, күллі қазақ елі мақтанышпен айта жүрер дәл осындай ғажайып қала тұрғызуға тәуекел ету, оның құрылысын түгелімен өзі қадағалау тарих алдындағы жауапкершілікті сезіне білу деген сөз. Сондықтан Астана – біздің бүгінгі жетістігіміз ғана емес, бұл болашақтың қаласы.
Шара барысында әлем тамсанған әсем шаһардың әдемі көріністері мен алып ғимараттарының суреттерінен құралған «Тәуелсіздіктің тұғырысың, сен Астана»,«Ескеркіштері еңселі елорда» слайдтары тамашаланды. Сонымен қатар ашық аспан астында, субұрқақтың жанында кітапхананың кішкентай оқырмандары түрлі-түсті борлармен асфальтқа Бәйтеректің, Хан шатырының, қаламыздың көрікті жерлерін, нұр шашқан күннің тағыда басқа өз қиялынан туындаған суреттерін салды. Асфальтқа сурет салу жұмысы балалардың үлкен қызығушылығын тудырды. Кітапханашылар балаларға викториналық сұрақтар қойып, ойын ойнатты. Шара соңында балаларға сыйлықтар берді.