«Өлеңім – кеудемдегі самғар құсым» атты поэзия кеші

E-mail Печать PDF

    2017 жылдың 2 шілде күні сағат 19.00 де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта облыс әкімінің және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен тұңғыш рет кең көлемде, ақындар мен сазгерлердің қатысуымен «Өлеңім – кеудемдегі самғар құсым» атты поэзия кеші өтті.

Мақсаты: жастардың мәдени, рухани дамуына, поэзия әлемін, жалпы қазақтың сөз өнерінің құдіретін сезіне білуге ықпал ету, жас ақындардың шығармашылық қабілетін дамытып, ақындығын ұштау, олардың қаламгерлік қызығушылықтарын, талаптарын кеңейтуге көмек көрсету.

Аталмыш кешті С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Г.Н.Калдина мен ақын Е.Жұмағалиев жүргізді.

Поэзия кешін Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының орынбасары Қ.М.Ермұқан ашып берді.

Ақын Г.Н.Калдинаның «Біз кітаппыз» атты өлең жолдарын кітапхана қызметкерлері оқыды. Кеш барысында өлкемізге танымал ақындар: Мейірхан Ақдәулетұлы, Ертай Ашықбаев, Жақсылық Айжанұлы, Нұрлыбек Қалауов, Бауыржан Бабажанұлы өнерін өлең арқылы танытамын деп өлең әлеміне бойлап, жүрген жас ақындарға көптеген ақыл кеңестерін берді. Г.Әбішқызы, И.Кереева, Ж.Қожабекова, Т.Тілеулесов тағыда басқа көптеген жас ақындар өлеңдерін оқыды. Ақындардың өлең-жырына, сазгерлердің әуеніне арқау болған әндерді өнердегі әріптестері орындайтын болады. Солардың ішінде Ғ.Жұбанова ат. облыстық филармонияның әншісі Қ.Әленова Батыстың термесін жырласа, жас өнерпаздардың орындауында ақын Г.Қалдинаның сөзіне жазылған сазгер Н.Жүсіповтің, Б.Жұмалинның «Болашақ бастауы», «Бақыт деген», «Мен намыспын» әндері шырқалды. Сонымен қатар Жетесовтер өнерлі отбасынан құралған «Мұзбалақ» тобы және тағыда басқа өнерпаздар өнер көрсетті. Сондай ақ жас ақындардың әзіл айтысы болды. Көрермендер арасынан суырылып шығып өлең оқыған талантты жастарда көп болды.

Кештің екінші бөлімін «Четыре KZ» қалалық ақындар клубы орыс тілінде жалғастырды.

«Жыр жазамын жүрегіммен...» атты кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылады. Қатысушы ақындарға арнап слайд көрсетіледі.