«Экстремизм мен терроризм –ғасыр індеті» тәрбие сағат

E-mail Печать PDF

2017 жылдың 22 маусымы күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Экстремизм мен терроризм –ғасыр індеті» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, жастарды теріс жолдан аулақ болуға шақыру, экстремистік топтардың қауіптілігі туралы жастарды хабардар ету.

Қазіргі таңда әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі – діни экстремизм мен терроризм қаупі екендігі көпшілікке аян. Ғаламдық бұл қауіп-қатер қоғамға экономикалық, моралдық шығындар әкеліп, үрей тудыруда.«Экстремизм» термині – аударма мағынасында шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Шара барысында кітапханашы Нұрпейіс Алтынбек қауіпсіздік шаралары туралы айтып өтті. Облысымызда болған террористік оқиғаның куәгері «Керек инфо» газетінің бас редакторы Индира Кереева шараға қатысып, өзі куә болған террористік жағдайды кітапхана оқырмандарына айтып берді.

Шара барысында «Экстремизм мен терроризм- ғасыр індеті» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама» парақшалары таратылды. Кітап көрмесімен кітапханашы Кошанова Шынар таныстырды.Сонымен қатар «Жастар – діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты слайд, «Лаңкестікке жол жоқ» тақырыбында видеоролик көрсетілді.