2 маусым күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірмдер кітапханасы Ақтөбе мұнай және газ колледжінде ҚР рәміздерінің 25 жылдығына арнап «Рәміздер-тәуелсіздік тұмары» атты білгірлер сайысын өткізді.
Мақсаты: ҚР рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен құндылықтарын насихаттау, жастарды елжанды етіп тәрбиелеуге атсалысу.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейді, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Биыл ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қабылдағанына 25 жыл толып отыр.
Сайыс басталмас бұрын ҚР гимні орындалды. Жүргізуші Хамидуллина Бақтыгүл сайыстың ережесімен таныстырып өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
1. Таныстыру.
2. Сұрақ-жауап.
3. Тест сұрақтары.
4. Мақал-мәтел - сөз мәйегі. Сайысқа қатысушылар «Бірлік», «Жалын», «Қыран» болып 3 топқа бөлінді. Әр топ басшыларын сайлап, өздерін таныстырып ұран сөздерін айтты. Сайыстың әр бөлімін әділ –қазылар бағалап, шара соңында әр топқа 1,2,3 орындар беріп алғыс хат, сыйлықтармен марапаттады.
Шарада Қазақстанның мемлекеттік рәміздері жөнінде толық мағлұматтар берілді. ҚР рәміздері жөнінде слайд көрсетіліп, «Мемлекеттік рәміздер- биік мерейіміз» атты кітап көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар патриоттық әндер айтылып, қазақ ақындарының өлеңдері оқылды.