«Темекі тартқаның-өзіңді құртқаның» атты акция

E-mail Печать PDF

31 мамыр - Дүниежүзілік темекісіз күн. Осыған орай 2017 жылдың 31 мамыры күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Темекі тартқаның-өзіңді құртқаның» атты акция ұйымдастырды.

Мақсаты: Жастарды салауатты өмірге жетелеу, денсаулықты сақтау, улы заттардың адам ағзасын уландырып, тоздыратынын айтып, олардың қаншалықты жиіркенішті, зиянды екендіктерін түсіндіру.

 

 

Темекінің түтінінде өте улы зат - никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін де жұтады. Бұл түтіннің ішінде улы газ, шаң, күйе болады. Шылымның күніне 20 - сын тартқан адам 90мл г никотин жұтады.Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналып отыр. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында көп тараған.

Бүгін кітапхана қызметкерлері «Болашаққа денсаулықпен бірге барайық» ұранымен қала көшесінде, аялдамаларда, саябақтарда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде парақшалар, буклеттер таратты. Темекіге әуес жастарды одан бас тартуға шақырды.Кітапхананың оқу залында«Салауатты ұрпақ - ұлт байлығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.