«Өнер мен әдебиет-халықтың жаны» атты кітап көрмесі

E-mail Печать PDF

Елбасы Жарлығымен 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні болып бекітілген болатын. Бұл – шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі және әрбір мәдениет қызметкерлері үшін ерекше күн.

Осы мереке қарсаңында 20 мамыр күні Қ Р Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында «Ұлт мәдениетімен мәңгілік» атты меркелік шара өтті. Мерекелік шараны облыс әкімі Б.М.Сапарбаев құттықтау сөзімен ашты. Шараға облысымыздың мәдениетіне үлес қосып, осы саланың мәртебесін көтеріп жүрген көптеген зиялы қауым, мәдени қызмет ету жолында өлшеусіз еңбек еткен ардагерлер шақырылды.Аталмыш мерекеде мәдениет пен өнерде жүрген көптеген қызметкерлердің еңбегі еленді. Солардың ішінде С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі Хамидуллина Бақтыгүлді Мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Н.Қорғанбаева алғыс хат және арнайы сыйлықпен марапаттады. Ал кітапхана директорының орынбасары Кудасова Үржан Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлесітігінің төрайымы С.Иманқұлованың атынан Құрмет грамотасымен мадақталды. «Мәдениет-ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші-зиялы қауым» дейді елбасы Н.Назарбаев. Ал мәдениет-кітап оқудан басталады. Өнер мен мәдениет-егіз ұғым. Сондықтан кітапхана қызметкерлері мерекелік шараға орай саябақта «Өнер мен әдебиет-халықтың жаны», «Арайлы Ақтөбенің мақтаныштары» атты кең көлемде кітап көрмелерін ұйымдастырды. Көрмеге республикалық және өлкемізден шыққан танымал жұлдыздар туралы әдебиеттер мен газет-журналдар қойылды. «Кітапхана тынысы» атты фото көрме жасақталды.