«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» ауызша журнал

E-mail Печать PDF

2017 жылы 5 мамыр күні сағат 15-00 де С.Жиенбаев атындағыоблыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Облыстық арнаулы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернатының білім алушылары арасында9 мамыр-Жеңіс күнінеарнап, «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты ауызша журнал өткізді.

Шараның мақсаты: жастарды патриоттыққа, ерлікке тәрбиелеу,ата-бабаларымыздың қан майданда жеңіске жеткен ерлігін үлгі ету.

        Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 72 жыл толып отыр. Қазақстан бұл сұрапыл соғыстағы жеңіске өзінің үлкен үлесін қосты. Қасиетті де қастерлі Отан үшін жан беріп, жанын пида еткен батырларды жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету–біздің кейінгі ұрпақтың ең басты парызы.

Өткізілген ауызша журнал 4 беттен тұрады.

1 бет –Ұлы Отан соғысының тарихы.

2 бет –Ұлы Отан соғысы батырлары

3 бет- «Жеңіс даңқы мәңгілік» атты слайды

4 бет- «Тапқыр достар»

Шара барысында кітапханашы Шамеденова Бибігүл Отан үшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері жөнінде әңгімелеп берді. Оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдарына байланысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақтар шешті. Сонымен қатар оқушылар кітапхана қызметкерлері дайындаған «Жеңіс даңқы мәңгілік» атты слайдты тамашалады.

«Желбіре Жеңіс жалауы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Патриоттық әндер айтылды.