«Қазақстан –достықтың мекені» атты танымдық сағат

E-mail Печать PDF

         2017 жылдың 27 сәуір күні сағат 11.00. де С. Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Қазақстан – достық мекені» атты танымдық сағат өткізілді.

Мақсаты: Мемлекетіміздегі әртүрлі ұлттардың тарихы мен қазіргі өмірі, рухани мәдениеті, салт-дәстүрі және өнерінің дамуы туралы мәлімет беру. Елімізде тұрып жатқан әрбір жасұрпақтың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Қазақстан халқының бірлігі  мерекесі - 1996 жылдан бастап жыл сайын 1 мамырда тойланатын мемлекеттік мереке. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылады. Қазақстан-ұлттар мен ұлыстар мекендеген қазақ жерінің бүкіл халқын ұлт бірлігі идеясына біріктірудің, достық пен бауырмалдықты, өзара сыйластықты орнықтырудың қайнар көзіне айналды.

           Шара барысында кітапхана қызметкері Есалинова Айнель оқырмандарға мерекенің тарихымен таныстырды. Шараға қатысушылар «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені!» атты слайдты тамашалады. «Қазақстан-татулық пен бірліктің ордасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Кітапхана оқырмандары қазақ және орыс ақындарының өлеңдерін оқыды. Шараға кітапхана жасөспірімдері және Е.С.Бошкова, Н.Е.Иличева, М.Носенко қатысты.