2017 жылдың 25 сәуір күні сағат 11.00. де С. Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасындаҚазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ынтымағы жарасқан - Қазақ елі» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мемлекетіміздегі әртүрлі ұлттардың тарихы мен қазіргі өмірі, рухани мәдениеті, салт-дәстүрі және өнерінің дамуы туралы мәлімет беру. Елімізде тұрып жатқан әрбір жасұрпақтың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа тәрбиелеу.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі - 1996 жылдан бастап жыл сайын 1 мамырда тойланатын мемлекеттік мереке. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылады. Қазақстан-ұлттар мен ұлыстар мекендеген қазақ жерінің бүкіл халқын ұлт бірлігі идеясына біріктірудің, достық пен бауырмалдықты, өзара сыйластықты орнықтырудың қайнар көзіне айналды.
Көрмеде «Әлем халықтары», «Народы Казахстана», «Мен-Қазақстан азаматымын», «Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан» сияқты кітаптар мен баспасөз басылымдары ұсынылған. Кітапхана қызметкері Махамбеталиева Багдагүль библиографиялық шолу жүргізді. Әр ұлттың салт-дәстүрі, өнері, мәдениеті мен таныстырылды. «Қазақстан –бірлік пен татулықтың мекені!»атты слайд көрсетілді.
Шараға кітапхана оқырмандары мен жасөспірімдер қатысты. Кітап көрмесі 5 мамырға дейін жалғасын табады.