«Оқитын автобус» акциясы

E-mail Печать PDF

  2017 жылы 21 сәуір күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі және Ақтөбе облысының 85 жылдығы қарсаңында 23 сәуір-Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай №15 бағыттағы автобуста «Оқитын автобус» акциясын ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты – «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы және «Оқитын өлке» акциясы аясында таңдалған кітаптарды насихаттау. Жастарды, қоғамды кітап оқуға, Ата бабаларымыздың мәдени мұрасын, өлкемізден шыққан ақын-жазушыларымыздың шығармаларын насихаттау, кітапханаға шақыру.

Елімізде жыл сайын ҚР мәдениет министрінің қолдауымен, Ұлттық Академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы өткізіліп тұрады. Биылғы акция аясында жалпы халықтық оқуға қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалды. Сонымен бірге «Оқитын өлке» акциясы аясында жазушы Қ.Мұхамбетқалиұлының «Қайдасың сен махаббат» шығармалар жинағы таңдалған.

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы қандайда бір шараны өткізуарқылы оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатын көздейді. Сол себепті кітапханада жаңаша әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы болмақ.  

Акция барысында кітапхана қызметкерлері №15 қалалық автобус бағытындағы жолаушыларға «жазушының «Қайдасың сен махаббат» кітабының электронды нұсқасын, бүктемелер, жарнамалық парақшалар таратып, плакаттар жапсырды. Сонымен қатар жолаушыларды кітапхана туралы ақпарат беріп, кітап оқуға шақырды. Кітап оқыған адамның жан дүниесі терең, сөз саптауы ерек, ойы сергек болады деп кеңес берді.