2017 жылдың 13 сәуірі күні сағат 15.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық - атқару жүйесінің департаментіне қарасты КА 168/3 түзету мекемесінің кітапханасына ҚР Рәміздерінің 25 жылдығына орай «Оқы және өзгеге ұсын» акциясы аясында классикалық және шетелдік көркем әдеби кітаптар қайтарымсыз берілді.
Аталмыш мекеменің кітапханасына жылына екі рет «Оқы және өзгеге ұсын» акциясы бойынша жыл сайын 200 ге жуық кітап беріліп тұрады. Осы үрдіс бүгінде жалғасын тауып КА 168/3 түзету мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты А.Бейсембаев және кітапханашысы Е.Т. Бакешев кітаптарды қабылдап алып алғысын білдірді. Сонымен қатар түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандарда болды. Олар әдебиеттерге өздерінің қызығушылығын білдіріп, тапсырыс берді. Кітапхана директорының орынбасары Құдасова Үржан зор денсаулық, ашық аспан отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз, құрметтеріңіз биік болсын деп лебізін білдірді. Сонымен қатар алдағы уақытта «жылжымалы кітапхана» ашу жоспарымызда бар деді.
«Оқы және өзгеге ұсын» акциясы 2011 жылы ашылды.Акцияның мақсаты: оқырмандардың өз бетінше оқуын дамыту, көркем әдебиетті, шетел классик жазушыларының туындыларын насихаттау.Кез-келген оқырман «Оқы және өзгеге ұсын» кітап көрмесінен ұнаған кітабын таңдап, сыйға алып, оқып, кейін досына, танысына, кітапсүйер оқырманға ұсынуына болады. Оқырмандарға ұсынылған бұл кітаптардың барлығы да қала тұрғындарынан қабылданған және кітапхананың есебінде тіркелмеген кітаптар.