«Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы», «Киелі жем өмірінің төл перзенті» атты кітап көрмелері

E-mail Печать PDF

2017жылдың 29 сәуірі күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы», «Киелі жем өмірінің төл перзенті» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Аталмыш кітап көрмелері облыстық «Оқитын өлке» акциясы аясында жазушы Қ.Мұхамбетқалиұлының және «Бір ел, бір кітап» республикалық акция аясында ақын С.Торайғыровтың шығармашылығына арналады.

            Мақсаты: Ата бабаларымыздың мәдени мұрасын насихаттау, жастарды, қоғамды кітап оқуға, кітапханаға шақыру.

Жазушы Қажығали Мұхамбетқалиұлы 1942 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында туған. Оның «Жұлдызды түндер», «Тоғай сыбдыры», «Жаңғырық», «Старые друзья», «Қайдасың сен махаббат», «Тар кезең» кітаптары жарыққа шықты. Сонымен қатар, көптеген аудармалары да бар. Қаламгердің «Қайдасың сен махаббат» шығармасы қалың оқырманға жыл кітабы болып ұсынылды.

«Бір ел, бір кітап» республикалық акцияға, жалпы халықтық оқуға қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалды. Ол солтүстік Қазақстан облысының Қызылтау ауданында туған.Ақын шығармаларында ескіні сынау, қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күрес бой көтерді. Ұйымдастырылған кітап көрмелерінде қос қаламгердің шығармалары ол туралы жазылған кітаптар, баспасөз мақалалары қойылды. Кітапхана қызметкері Хамидуллина Бақтыгүл көрмеге шолу жасады. Кітап көрмесі жыл бойы оқырмандарға қызмет етеді.

Обновлено 03.04.2017 09:23