30 сәуір күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Ақтөбе қаласындағы сал азаматтарды қорғау» орталығында «Жылы жүрек, аялы алақан» тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Елімізде тұрып жатқан әрбір азаматтың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, достыққа, тәрбиелеу. Ертеңгі өмірге сеніммен қарауға үйрету, балаларды кітап қорындағы жаңа әдебиеттермен таныстыру.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жан күйзелісі тек өздерінің ғана емес, ата –анасының, айналасындағы жақындарыныңда жанына батады. Сондықтан балалардың көңіліне жылылық ұялатып, рухани демеу болумен қатар көңілдеріне жақсылық сыйлау әрбір азамат үшін игілікті іс болып табылады.
Бүгінгі шара барысында кітапханашылар мүмкіндігі шектеулі жандарға кітапхана туралы ақпарат берді. Сонымен қатар «Спешите делать добро» атты слайдты тамашалап, психологиялық тренинг өткізді. Кітапханашылар «Атамекен», «Ана» әндерін айтып, би билеп балалардың көңілдерін көтеруге тырысты.
«Керемет кітаптар» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, кітап қорына жаңадан келіп түскен әдебиеттер мен журналдар мен таныстырды. Әрбір қолжетімді кітапхана мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және жасы келген адамдарға өзінің кітап қорын еркін пайдалануға кепілдік беруі тиіс. Сондықтан «Ақтөбе қаласындағы сал азаматтарды қорғау» орталығына «Оқы және өзгеге ұсын» кітап марафоны аясында 100 кітап сыйға тартты. Қайтарымсыз берілген бұл кітаптар, оқырмандардың сыйға тартқан кітаптары яғни кітапхананың есебінде тіркелмеген.Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау орталығының директорыСражова Гүлмирам шараны өткізген кітапханашыларға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.