«Байқа, жолда балақай!» атты тәрбие сағаты

E-mail Печать PDF

2017 жылдың 27 наурызы күні сағат 14.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Байқа, жолда балақай!» тәрбие сағатыөткізілді.

Мақсаты: жасөспірімдерді өздерінің жеке басының және қоршаған адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, қауіп қатердің алдын алуға, өмірге қауіп төндіретін заттарды тануға, олардың денсаулығымызға, өмірімізге төндіретін қатерін түсіне білуге үйрету. Жолда жүру ережелерімен таныстыру.

Балалардың каникул кезеңіндегі демалысын ұйымдастыру, кітапхана жұмысының негізгі бөлігі болып табылады. Балаларға қамқорлық үнемі үлкендердің қарауында болуы керек. Сондықтан кітапханашы Есалинова Айнель алғаш рет бағдаршамның қалай пайда болғандығы, тарихы жөнінде айтып және жол тәртібін сақтау үшін бағдаршамның қандай түсі жанғанда жолдан өтуі керектігін айтты. Сондай ақ, шара барысында кітапханашы Кәрібаева Лариса МАЙ қызметкері ретінде бағдарша арқылы, жол белгілерінен жаяу жүргіншілерді өткізіп, ойын ойнатты. Ойын барысында жол ережесін жақсы білетін балалар мен қатар ережені дұрыс сақтамағандар да болды.

Балаларға виктариналық сұрақтар, жұмбақтар, қойылды. «Жол тәртібін сақтайық!» атты кітап көрмесі және сақтық туралы нақыл сөздерден де кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме 3 сәуірге дейін жалғасын табады. Көрмеге түрлі-түсті безендірілген әдебиеттермен, танымдық журналдар қойылды. «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» атты слайд, «Жолдос көмекке асығады» атты мультфильм көрсетілді.