14 наурыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Облыстық арнаулы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернатында Көрісу күні мерекесіне орай «Жыл басы-Наурыз» атты салт-дәстүр сабағын өткізді.
Мақсаты: Көрісу мейрамы жөнінде ақпарат беру, Наурыз мейрамының шығу тарихымен таныстыру, қазақ халқының салт – дәстүрлерін насихаттау.
14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастархан жайылады. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есейюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді.
Кітапханашы Бектемирова Ұлжан жастарға слайд көрсету арқылы мұсылман мейрамы жөнінде толығырақ түсінік беріп өтті. Кітапханашылар салт-дәстүрден көрініс көрсетті. Бауырсақ таратып, шашу шашты. Қазақстың «Қара жорға» биін биледі.Оқушылар арасында сұрақ жауап, сөзжұмбақтар жасырып ұлттық ойындар ойнап, арқан тартысу, асық ойнау, қол күрес, сақина салу тағыда басқа ойындар ойналды.
«Наурызым берекем, Наурызым мерекем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.