«Мерекеңмен аяулы арулар» мерекелік кеш

E-mail Печать PDF

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 6 наурыз күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Мерекеңмен аяулы арулар» мерекелік кеш өткізілді.

Мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында анаға деген қамқорлық,   қоғамдағы ананың орны ерекше екендігін жастарға ұғындыру, бойжеткен қыздарды ұлтымыздың салт-дәстүрлері арқылы инабаттылыққа тәрбиелеу.Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш, мерекелік кеш сыйлау.

Мерекелік кешке Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен студенттері, оқырмандар және кітапхана ұжымы қатысты. Шара барысында  әйелдердің білім, мәдениет, экономика және де т.б. салаларда жеткен жетістіктері туралы айтылды. Сондай–ақ, қоғам өміріне үлкен үлес қосып, әйелдердің белсенділігі жайлы баяндалды.

            Кеш барысында кітапханада жұмыс жасайтын ер азаматтар өнерлерін ортаға салып, ән айтып би биледі. Барлық әйел азаматшаларға сыйлықтар таратты. Сыйлықтан колледж студенттерімен, оқытушыларыда құр қалмады. Кітапхана қызметкері Төреханов Қайрат, Қалдин Бауыржан, Тынабаев Айбек гуманитарлық колледжінің студенттерімен бірлесе көрініс қойды. Ал студенттер арасынан С.Күлдірген және А.Көшербайқызы, Д.Қызыл, Қ.Төреханов «Еркемін», «Бағым сен», «Ханшайымым», «Су тасушы қыз» әндерін шырқады. Кешке қатысқан студенттермен кітапхана ұжымы әр түрлі эстафеталық ойындар ойнап, жарысқа түсті.

            Сондай-ақ, «Әйел ана, әйел жар, әйел жыр» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында «Ана –өмірдің шырағы» слайды көрсетіліп тұрды. Кітапхана саласының ардагерлерін, кітапхана ұжымы құттықтап сый-сыяпат берді.     Мерекелік кеш соңында шараға қатысушылар естелікке суретке түсті.