«О, адамдар, біргемін мен сендермен!» әдеби сағаттың АҚПАРАТЫ

E-mail Печать PDF

2017 жылдың 3 наурызы күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №34 орта мектеп оқушылары арасында ақын Төлеген Айбергеновтың туғанына 80 жыл толуына орай әдеби сағат өткізді.

Мақсаты: Ақын өлеңдерін өскелең ұрпаққа насихаттау, оның есімін ұлықтау, өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

Ақын Төлеген Айбергенов 1937 жылы Өзбекстан елінде, Қоңырат ауданында дүниеге келген. Оның «Жас дәурен» атты топтама жинақтары, басылды. «Арман сапары» «Өмірге саяхат», «Құмдағы мұнаралар», «Мен саған ғашық едім», «Аманат» «Бір тойым бар» жыр кітаптары бар. Сондай-ақ орыс тілінде «Мир созвездья» деген атпен таңдама-лы өлеңдері аударылып басылды. Ақынның сөзіне жазылған әндер де жетерлік.

Шара барысында кітапханашы Құрымбаева Лариса отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ырғақ, тегеурінді екпін әкелген ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталды. №34 орта мектептің Тыныштық Ислам, Қайролла Ермек, Жеткергенова Назира сынды бір топ оқушылары Т.Айбергеновтың туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдерін жатқа айтып берді. Оқушылар «Төлеген Айбергенов әлемі» атты слайдты тамашалады. Сондай ақ «Жыр дүлдүлі – Т.Айбергенов» атты кітап көрмесімен танысты.