ҚР Президентінің Жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні деп бекітілді. Осыған орай С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері, 1 наурыз күні сағат 11.00 де «Құрметтің ең биігі –алғыс» атты тәрбие сағатын өткізді.
Шараның мақсаты: Елімізде тұрып жатқан әрбір жасұрпақтың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа,өз Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Бұл күн - талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні болып саналады. Адамдар бір-біріне қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі, бір-біріне алғысын айтады.
Шараға Ақтөбе облысының укіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті Дюсенова Айгүл Егізбайқызы; «Парасат- ғылым» қоғамдық бірлесітігінің «азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі –Ахметов Көшкінбай Нұрмағамбетұлы және Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.
Шара барысында гуманитарлық колледжінің студенттері Көшербайқызы Ақниет, Бағытқали Аяжан, Зейнекен Аяулым қазақ ақындарының сонымен қатар өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқыды.
Шараға қатысқан қонақтар сөз алып бүгінгі мейрамның мақсатымен, маңыздылығына тоқталып, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда, Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер деп жастарға ізгі тілектерін білдірді. Жастар арасынан Көбейсін Сәннұр мен Қызыл Динара «Көңілді күн» әнін шырқап көпшілікке көтеріңкі көңіл –күй сыйлады.
Кітапхана директоры Г.Н.Калдина тағыда басқа кітапхана қызметкерлері сөз сөйлеп бір-біріне алғыстарын білдірді. Шара соңында гуманитарлық колледжінің студенттері флешмоб биледі.
Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. «Тарихы ұқсас туыс ел» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды.