2016 жылдың 18 қараша күні кешкі сағат 17.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Кітапхананың кешкі әлемі» атты кешкі кітапхана кеші өтті. Бұл еліміз тәуелсіздік алған 25 жыл ішіндегі 9104 түн болатын.
Мақсаты: кітап оқуды адам өмірінің бос уақытында өзіне серік етіп, жаңаша бағытта танымдық-интеллектуалдық бағдарламаларға қатысып, тиімді өткізуге оқырмандарды тарту.
Осы күні кеште кітапхананың төбесінде ай мен жұлдыздар жарқырап тұрды. Дәлізде май шамдар жағылып, елестер жүрді. Бұл көрініс көңілді, әрі қорқынышты болатын.
«Кітаптар 25 жаста» осы тақырыппен еліміз тәуелсіздік алған жылы жарыққа шыққан, яғни баспадан шыққанына 25 жыл болған 25 кітаптың суреттері ілініп тұрды. Сонымен қатар, 25 жылдыққа орай кітап көрмесіде ұйымдастырылды. Кешкі кітапханаға жиналған кітапхана қонақтарын кітапхананың кішкентай оқырмандарына арналған «Балалар бөлмесі» қарсы алды. Бұл бөлмеде қазақ және орыс әдебиетіндегі ертегі кейіпкерлері жүрді. «Орыс және әлем әдебиеті залы» мұнда кітапханашылар қазақ және әлем әдебиетінің авторларын, ақын-жазушыларды сомдады. Кітапхана оқырмандары өлеңдер оқып таң қалдырды. «Асхана» бөлмесінде кірген адамдар ас дайындаудың қыр - сырын үйренді. Аспазшы өзі дайындап жатырған құймақ, қытырлақ тағы басқа дәмдерден қонақтарға ұсынып жатты. «Әсемдік салоны» бөлмесі әсемдіктің құпияларын ашып, келген қонақтарға шаш үлгілерін, тырнақ бояу тағыда басқа қызмет түрлерін жасады. Қорқынышты кейіпкерлер «Үрейлі бөлме» бөлімінен қарсы алса, ал біздің заманымызға дейінгі ежелгі адамдар «Ежелгі дәуір» бөлмесінде отырды. «Дизайн бөлмесі» бұл бөлмеде оқырмандардың қол өнерлерлері, қолдан жасалған бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана қонақтарымен мектеп оқушыларын «Балгер бөлмесі» қызықтырды. Бал аштырып, болашағын болжап риза болып жатты. «Жас отау және қонақ бөлмесі» қонақтарды қазақтың ұлттық тағамдарымен қарсы алып қонақжайлық көрсетті. Ұлттық жиһаздар сандық, көрпе, кебеже және ұлттық бұйымдар бөлменің сәнін келтіріп тұрды. «Астана мен Ақтөбе залы» бұл бөлмелерде кітапхана қызметкерлерінің жасаған бәйтерек макеті орналасты. «Аспан әлемі» бөлмесінде «Түнгі кітапхана» деген жазуы бар тортпен күн мен түн болып киінген кейіпкерлер қарсы алып қонақтарды таң қалдырды. «Күлкі бөлмесі» мұнда сайқымазақ, «Шрек», Фиона» сынды мультфильм кейіпкерлерімен кішкентай оқырмандарымыз суретке түсіп мәз болды. Сонымен қатар «Емхана», «Спорт залы», «Аспаптар бөлмесі», «Қызықты математика», «Техникалық бөлме», «Қазақ әдебиеті», «Тәуелсіздік залы», «Шеберлік залы», «СағиBank», бөлмелері оқырмандармен қонақтарға қызықты әсер қалдырып, көпшілікке көңіл –күй сыйлады. Әр бөлме өзінің тақырыбына сай жабдықталып, безендірілді. Кітапхананың ғажайып түніне жиналған көпшілік көтеріңкі көңілмен, жылы лебіздерін білдіріп тарқасты.